Accessibility links

Долинка түрмесінде бірнеше сотталушы денесін тіліп тастады


Қарағанды облысы Долинка түрмесінде дүйсенбі күні таңертең сегіз сотталушы өз денелерін өткіз затпен тіліп тастады. Бұл туралы "Новости-Казахстана" агенттігі хабарлады.

АК 159/7 түзету мекемесінің сотталушылары бірқатар талап қойған, дейді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің өкілі Наталья Горина. Оның сөзінше, сотталушылар, мекеме ішінде еркін қозғалуды, туыстардан келетін сәлемдеменің салмағына шектеу қоймауды және мекеме территориясын көркейту жұмыстарының алынып тасталуын талап еткен.

Комитет өкілінің сөзінше, қазір қызметтік тексеріс басталды. Ал түзету мекемесінің алдына сотталушылар туыстары жиналып жатыр.
XS
SM
MD
LG