Accessibility links

Францияда теракт болу мүмкін деп хабарланды


Францияда, теракт болуы мүмкін деген ақпараттан кейін, барлық қауіпсіздік күштері жоғары дайындық режиміне көшті.

"Европа-1" радиосының хабарлауынша, өткен аптада Алжир арнайы қызметі өздерінің француз әріптестеріне қауіп төніп тұрғандығы жайлы хабарлаған. Кей ақпараттарға қарағанда, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындардың бірінде жанкешті жарылыс ұйымдастыруы мүмкін.

Франция ішкі істер министрі Брис Ортфё, қауіптің бар екендігін растады. Дегенмен нақты ақпарат беруден бас тартты.

Өткен аптада Эйфель мұнарасы жарылады деген жалған ақпараттан кейін Парижде мыңдаған турист қауіпсіз аймаққа көшірілген еді.
XS
SM
MD
LG