Accessibility links

Ауғанстандағы тікұшақ апатына жауапкершілікті талибан алды


Ауғанстанның оңтүстігінде 9 сарбаздың өліміне әкелген тікұшақ апатының жауапкершілігін талибан өз мойнына алды. Олар 10-нан аса шетелдік отырған тікұшақты тәліптер жасағы атып түсірді деді.

НАТО әскерлері мерт болған тікұшақ апатынан ауғандық әскерлер мен америкалық азаматтар да жараланған. НАТО әскерилері апаттың қалай болғаны тергеліп жатыр деп отыр.

Биылғы жылы Ауғанстанда халықаралық коалиция күштерінің 529 сарбазы қаза болды. Бұл - әскери операция өтіп жатқан 9 жыл ішінде жауынгерлер өлімінің ең көп көрсеткіші.
XS
SM
MD
LG