Accessibility links

Маңғыстау облысы: газ құбырындағы өрт сөндірілді


Маңғыстау облысында «ИнтерГаз ОрталықАзия» магистральді қаз құбырындағы өрт толығымен ауыздықталды. Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің өкілі, өрт бүгін таңертең сөндірілгендігін ғана айтты. Басқа қандайда бір ақпарат беруден бас тартты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сәрсенбіге қараған түні Маңғыстау облысы Сай-Өтес кентінен бір шақырым жердегі магистральді газ құбыры жарылып, оның арты өртке ұласты. Қазіргі уақытта газ құбырымен газ тарату тоқтатылды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
XS
SM
MD
LG