Accessibility links

АҚШ-тың кедей елдерге қолдауы қаржымен шектелмейді


АҚШ президенті Барак Обама елдің кедей елдерге беретін көмегі туралы мәлімдеме жасады.

Сәрсенбі күні БҰҰ-ның мыңжылдықтың даму мақсаттарына арналған жиында сөз алған Барак Обама Вашингтон кедей елдердің қолына ақша ұстатып қоюдың орнына мұндай елдерді дұрыс басқару жолдарына, құқықтық норма, ашық институттар мен адам құқықтарын сыйлау жағдайына үйретуге тырысады.

Оның айтуынша, соғыстан бейбіт жағдайға келе жатқан және тоталитарлық режимнен демократиялық жүйеге ауысқан елдер АҚШ-тың қолдауынан үміткер ел бола алады. Обама сонымен қатар АҚШ төтенше көмекті қажет еткен елдерге қолдау танытатын әлемдегі жетекші бірден бір ел болып қала береді деген.
XS
SM
MD
LG