Accessibility links

Дағыстанда 2 полиция мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты


Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан республикасында полиция бекетіне тоқтамаған көліктен оқ атылып, үш адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың екеуі полиция қызметкері. Бұл оқиға сәрсенбі күні кешкісін Қазбек ауданында орын алған.

Бұл тұста аймақтағы адам құқын қорғаушы топтар полиция қызметкерлері мен әскерилер қарақшылық пен қару саудасы қылмысына жиі қатысады деді.

Солтүстік Кавказ республикаларында қақтығыстар мен жарылыстар соңғы уақытта көп орын алып кетті.
XS
SM
MD
LG