Accessibility links

Жапония қытайлық кеме капитанын босататын болды


Жапония прокурорлары жұма күні өздерінің қытайлық кеме капитанын қамаудан босататынын мәлімдеді. Осыдан екі апта бұрын ұсталған балықшылардың мәселесі екі елдің арасында дипломатиялық дау тудырған.

Қытай балықшылары қыркүйектің 8-де жапониялық теңіз сақшыларымен екі елге ортақ аралда қақтығысып қалған болатын. Жапония билігі қытайлық кеме капитанын сақшылар қайығына әдейі келіп соғысқан деп айыптады. Қытай өз капитанын тезарада қайтаруды талап еткен.

Бұл оқиғадан соң Қытай Токиода жоспарланған кездесуге барудан бас тартты. АҚШ тараптарды бұл даулы мәселелерін жылдамырақ реттеуге шақырған.
XS
SM
MD
LG