Accessibility links

Махмуд Аббас БҰҰ Бас ассамблеясында сөз алады


Палестина президенті Махмуд Аббас бүгін БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөз сөйлейді. Оның сөзі Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келіссөздер дағдарысқа тап болуы мүмкін деген алаңдаушылықтар тұсында болайын деп отыр.

Аббас Нью-Йорктегі бұл жиын аясында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен екінші рет кездеседі деп айтылды. Палестина жетекшісі Клинтонмен бірінші кездесуінен кейін келіссөздерде қазірге дейін ештеңе өзгерген жоқ деп айтқан еді.

Палестиналықтар егер Израиль Батыс жағалаудағы еврей қоныстарын салуды тоқтату мерзімін ұзартпаса, келіссөздерден шығып кететінін айтқан.
XS
SM
MD
LG