Accessibility links

Шығыс Тимор жетекшісі Ахмадинежадтың сөзін сынады


Шығыс Тимор азиялық елінің президенті Жозе Рамуш Орта Иран президентінің 11-ші қыркүйек шабуылдарына АҚШ үкіметінің қатысы болуы мүмкін деп айтқанын сынап отыр.

Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Жозе Рамуш Орта сенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде, Махмуд Ахмадинежад аузына келгенін айтты деді. Және ол Иран президентінің Холокостты жоққа шығаратынын да сынап өткен.

Бұл Ахмаинежадтың бейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясындағы ол сөздерін қоғам алдында қатты сынаған бірінші ел болып отыр.

Шығыс Тимордың тәуелсіздігі үшін күрескен Рамуш Орта 1996 жылы Нобель сыйлығын алған, кейін 2002 жылы елдің тәуелсіздігіне қол жеткізді.
XS
SM
MD
LG