Accessibility links

Бунаковтың кімді қорқытқаны?


Қазақстандағы орыс қауымының басшысы Юрий Бунаков.
Қазақстандағы орыс қауымының басшысы Юрий Бунаков.
Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде мәдениет министрлігі Үкімет алдына «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелкеттік бағдарламасының» жобасын ұсынған болатын.

Кәрім Мәсімовке жобаның мақтауын асырған министр Мұхтар Құл-Мұхаммед 2020 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілде «сайрайтын» болады деген.

Па, шіркін, тәуелсіздік алғаннан бері жиырма жылға жуықтаса да, қазақ тілін қатырып меңгере алмаған шалақазақтар мен өзге ұлт өкілдеріне Мұхтар мырза қалған уақытта қайтіп «оқытпақ» екен.

Бәрін қойшы, мәдениет және ақпарат миниcтрі болып тұрған кезінде айтысқа (телеэкрандардан көрсетуге) шектеу қойған Құл-Мұхаммедтен қайыр жоғы белгілі. Менің айтпағым – бағдарламаның артық не кемі емес еді...

Жақында, Алматыдағы саяси шешімдер институтында (қазағы бар, орысы бар, өзгесі бар) жаңағы тіл туралы бағдарлама жобасын талқыламасы бар ма. Сонда марқұм Болатхан Тайжанның баласы Мұхтар Тайжан (қазіргі Мұхтарлар да екі түрге бөлінетін болды ғой) «Қазақстан азаматына мемлекеттік тілді білуді заң жүзінде міндеттеу керек» деген ойын айтты.

Мұхтар Тайжанның айтуынша, мұндай міндеттеулер көптеген елдерде бар екен. Осы пікірдің айтылуы мұң екен, Қазақстандағы орыс қауымының төрағасы Юрий Бунаковтың төбе шашы тік тұрды.

– Егер ондай міндеттеулер заң жүзінде бекітілетін болса, мұны «бізге көрсетілген қысым» деп түсініп, Ресейге көшіп кетеміз, – дейді Бунаков міз бақпастан.

Қорыққанымнан етегіне жармаса кеткім келді: «Ағатай-ай, көше көрмеші! Сен кетсең қазақ елі қараң қалады ғой!» деп.

Сонда Юрий Бунаков «көшіп кетемін десем, шынымен де қазақтар етегіме жармасады» деп ойлай ма... Кімге керек еді ол... Кімді қорқытқаны?!

alash_76@mail.ru
XS
SM
MD
LG