Accessibility links

Қазақтар Чилидегі үй құрылысына атсалыспақшы


Қазақстандық компания Чилидегі жер сілкінісінен қираған тұрғын үй қорының құрылысына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Ол туралы Чилидің Қазақстандағы құрметті консулы Леонид Шейнгезихтке сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» агенттігі хабарлады.

Астана мен Алматы қалаларында 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтетін «Латын Америкасының Қазақстандағы апталығы» форумында Леонид Шейнгезихт осылай деп мәлімдеді.

Бұл форум ғылыми-тәжіриебелік конференциялардан, семинарлардан, мастер-сабақтарынан, тауарлар мен қызмет көрсетудің көрмелерінен және бизнес-кездесулерден тұрады.

Сонымсен қатар құрметті консул Алматы мен Қарағандының 2 компаниясы Чили жағымен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, олар Чилидегі тұрғын үй қорының құрылысына инвестиция салуға әзір көрінеді.

2010 жылдың 27 ақпанындағы жер сілкінісінен Чилидің 2 миллиондай азаматы баспанасыз қалды, 800-ден астам адам қаза болды, 1 мыңнан астам кісі хабарсыз кетті, 1,5 миллиондай үйге нұқсан келді.
XS
SM
MD
LG