Accessibility links

Пәкістан НАТО өзінің тәуелсіздігіне «қол соқты» деп санайды


НАТО күштерінің өз жеріндегі экстремистердің шептеріне әуеден соққы беруіне байланысты Пәкістан оны өзінің тәуелсіздігіне қол сұғу деп бағалап, наразылық білдірді.

Пәкістанның сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, Ауғанстандағы халықаралық күштердің мандаты «Ауғанстанның шекарасында күшін жояды».

Өткен сенбі күні халықаралық коалицияның соғыс тікұшақтары ауған армиясының шекара бойындағы күзет бекетін Пәкістан жерінен атқылаған экстремистерге әуеден соққы беріп, 50-ге жуық содырдың көзін жойды.

Оған қоса АҚШ-тың адамсыз ұшатын соғыс ұшақтары Пәкістанның ауған шекарасына жақын аудандарындағы Талибан бекіністеріне үнемі соққы беріп келеді.
XS
SM
MD
LG