Accessibility links

Норвегияда 3 кісіге айып тағылды


Терроризмге қатысы бар деген күдікпен Норвегияда ұсталған 3 кісіге 2005 жылы Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттерді басып шығарған Дания газетіне қарсы террорлық қастандық жасауға әзірленді деген айып тағылды.

Норвегия полициясының өкілі хабарлағандай, Ирақ Күрдістанынан шыққан күдіктілердің бірі қастандық жасауға әзірленгенін мойындаған көрінеді.

Күдіктілер қастандықты газет редакциясында іске асырмақ болды ма әлде келемеж суретке қатысы барлардың бірін өлтірмек болды ма – белгісіз.

Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін және бүкіл ислам дүниесінің наразылық толқынын көтерген суреттердің авторы Курт Вестергоодты осыған дейін талай рет қорқытпақ болды.
XS
SM
MD
LG