Accessibility links

Душанбе түрмесінен қашқандардың біреуі өлтірілді


Тәжікстан билігінің хабарлауынша, өткен айда Душанбе түрмесінен қашқан 25 тұтқынның бірі өлтірілді.

Тәжікстан арнайы қызметінің өкілі Нозирон Буриевтің сөзінше, қашқындардың бірі Рахмиддин Азизов өткен жексенбі күні Душанбенің маңындағы Файзобод ауданында оққа ұшқан.

Арнайы қызмет бұдан бұрын Азизовты тұтқындамақ болған. Алайда ол екі полиция өкілін жаралап, қашып кеткен.

Нозирон Буриев Азизовтың бұл жолы да қарсылық көрсеткендігін айтады. Операция барысында Азизовқа оқ тиіп өлген.
XS
SM
MD
LG