Accessibility links

Ауғанстанда 4 грузин жауынгері қаза тапты


1 қазанда Грузияның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Ауғанстанда Грузияның 4 әскери қызметкері қаза тапты.

Министрліктің дерегі бойынша, олар минаға жарылды. Оқиғаның басқа жай-жапсары хабарланбады.

Бұл Грузияның Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатыса бастаған уақыттан бергі ең көп адам шығыны болып отыр.

Ауғанстанда грузиндердің 1 мыңға жуық жауынгері бар әскері тұр. Олар елдің оңтүстігіндегі Гильменд өлкесінде әрекет етеді.
XS
SM
MD
LG