Accessibility links

Пәкістанның бұрынғы президенті жаңа партия құрады


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф 1 қазан күні жаңа саяси партия – «Бүкілпәкістандық мұсылмандар лигасын» құратынын жариялауға тиіс.

Генерал Мушарраф Пәкістанға оралатын ниетін өзі ықтиярымен қуғында жүрген Лондонда хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, экс-президент елдегі 2013 жылы өтетін жалпы сайлауға азаматтық саясаткер ретінде дауысқа түспекші.

Одан бұрын генерал Мушарраф Пәкістан қарулы күштерінің саясаттағы рөлін арттыру қажеттігін айтып, елде жаңа әскери төңкерістің болу қатері барлығын ескертті.
XS
SM
MD
LG