Accessibility links

Ресей ДСҰ-на мүшелікке ұмтылысын ұлғайтты


АҚШ-пен келіссөздер барысында бірқатар өзекті мәселерді шешкен соң Ресей ДСҰ-на мүшелікке қабылдану бағытындағы талпынысты күшейтті.

Жұма күні Ақ үй жариялаған мәлімдемеде Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үшін бірқатар маңызды қадамдар атқарды деп атап көрсетілген. Оның ішінде зияткерлік меншік құқына қатысты заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізгені айтылған.

Осыған дейін АҚШ Ресейді ДСҰ қатарына ену үшін музыка мен кино өнімдерін таратудың жабайы –пираттық әдістеріне жол бермейтін шаралар қолдануға шақырып келген болатын.
Мұның алдында ғана Мәскеу мен Вашингтонның Ресейдің ДСҰ-на қабылдануына қатысты келіссөздерді аяқтағаны хабарланған-ды.

Ғаламдық сауда шарттары мен ережелерін реттеп отыратын ДСҰ-на әлемдік экономикалық мемлекеттер қатарынан Ресей ғана осы күнге дейін қабылданбай келген, енді оның келесі жылы-ақ осы ұйымға мүше болары айтыла бастады.
XS
SM
MD
LG