Accessibility links

Бразилияда тұңғыш әйел президент сайлануы мүмкін


Бразилия сайлаушылары бүгінгі сайлауда мемлекеттің алғашқы әйел президентін таңдауы әбден ықтимал.

Ең соңғы жүргізілген сауалнама нәтижесі - еңбекшілердің биліктегі партиясы ұсынған және елдің қазіргі президентінің қолдауына ие - 62 жастағы Дилма Роусеффтің бірінші турда-ақ жеңіске жету мүмкіндігі мол екенін көрсеткен.

Роусеффтің басты қарсыласы – оппозиялық үміткер, Сан-Пауло штатының бұрынғы губернаторы Жозе Серра.

Дилма Роусефф 60-70-ші жылдар радикалды солшыл топтардың белсендісі болып, 3 жылдай түрмеге де отырып шыққан.

Бразилияда бүгін сондай-ақ парламент сайлауы, аймақтық және жерглікті билік органдарына да сайлау бірге өткізіліп жатыр.
XS
SM
MD
LG