Accessibility links

Әзірбайжан орталық сайлау комиссиясы әншіге өтемақы төлейтін болды


Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Әзірбайжан билігі азаматтардың әділ сайлауға деген құқығын бұзды деген шешімге келді.

Сот әзірбайжандық танымал әнші Флора Каримованың ісін мысалға келтірді. Әнші 2005 жылы оппозициялық "Свобода" блогының атынан парламент сайлауына түскен. Ол ең көп дауыс жинағанымен, Орталық сайлау комиссиясы бұл қорытындыны жоққа шығарған.

Еуропалық сот қыркүйектің 30-ы күні Флора Каримоваға қатысты шешімді заңсыз деп тауып, Орталық сайлау комиссиясын әншіге 59 мың еуро (шамамен 80 мың доллар) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Әншінің өзі соттың бұл шешіміне қанағаттанатындығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG