Қарашаның 1-інен бастап қазақ елінің осыншама азаматын өз жұмыстарынан сыртқа «лақтырылып» тасталынбақшы. Мүмкін, бұл әлемдік қаржы дағдарысы кезеңдерінде біздерде бәрі де ойдағыдай, тіпті «Дағдарыстан – дамуға» атты бағдарламаны дайындап, соны «алға апару» жолындағы бір кедергі болып шықты ма екен?
Жылдан-жылға саны артып келе жатқан мемлекет қызметкерлерін бірден қысқартудың арғы жағында не жатыр? Әлде кадрлық саясат, яғни «кадрлық бизнестің» соңына нүкте қойылды ма? Ия, қарап отырар болсаң, сұрақтан-сұрақ туындай беретіні сөзссіз. Басы сонау Президенттік аппараттан басталып, соңы аудан әкімдеріндегі, ауыл әкімшілігіндегі мемлекет қызметкерлерінің осыған дейінгі жұмыс орындарындағылар беталды мемлекет қаржысына ортақ болып жүргендер болды ғой.
Осы 15 пайыздық қысқартудың ішіне кірер сол бюджет есебінен қаржыландырылып келген күштік орындарындағы қызметкерлерді қысқарту аса қиынға соқпас та. Себебі олардың жасы 45-ке келсе болды, алдарында ай сайын алып тұрар зейнетақылары дайын. Статистика бойынша орта жасы 40-қа толар-толмас (бұдан былай «бұрынғы») мемлекеттік қызметтегі азаматтардың қолдарынан не келе қояды? Кәсіпкерлік пе, әлде қара базарда арба сүйрету ме? Әрине, екеуі де бірден «ыңғайланып» кете қояр жұмыс емес.
Оларды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жұмыспен қамтамасыз етуге шамалары келе ме? Әрине, келмейді. Себебі өнеркәсібі өркендеу орнына өшуге таяу отырған біздің елде қайдан жұмыс орыны бола қойсын? Тағы да сол статистикаға сүйенер болсақ, 2010 жылдың ортасында біздің елде жұмыссыздар саны 50 мыңға жуықтаған дейді. Бұл азаматтар тек қана әлгі «тіркелгендері» ғана. Ал сол әлеуметтік қорғау орындарынан алар көмектің жоқтығын ескеріп, ол органға қолдарын бірақ сілтеп, «қаңғырып» жүргендері бұдан 2-3 есеге артық десек, артық айтпағандық емес.
Ал әр ауылдан басталар, әлгі сол ауылдың әкімі амалы жоқтықтан жоғары жаққа беріп отырған ақпараттардағы «самозанятости» азаматтарды есептер болсаңыз, шашқа да қол жүгіртіп қаларыңыз сөзссіз...
Енді сол қысқартуға кімдер ілінеді? Әрине, алдымен мемлекеттік тілмен қоса, орыс, ағылшын тілін білмейтіндер шеттетілер. Ал мемлекеттік тілді білуді аса көп қинамайтыны да шындық. Себебі сонау премьер-министрден бастап одан төмен жол-жөнекей отырған басшылардың бұл тілді білуге аса қызықпайтыны анық. Мүмкін, бұл қысқартуға кейіннен пайда болған «қытай тілін білу» деген талап та өз орынын тауып қалар бұл жолы?
2011 жылы осы «қысқартылған» азаматтардың есебінен келер 19,0 миллиардқа жақын теңгені экономикамыздың қай жыртығына жамау етеріміз – бір құдайға аян. Алайда шамамен 90-100 мыңдай азамат қарап отырған (жанұяларымен қосып санағанда) бұл күнкөрістік мәселе оңайлықпен орынды шешіліп жатса, дұрыс та болар еді.
auelhan7@mail.ru