Accessibility links

Тәжікстанда түрмеден қашқандардың тағы біреуі өлтірілді


Тәжікстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері тамыз айында түрмеден қашып кеткен 25 адамның тағы біреуін өлтірді. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, ол Ауғанстан азаматы болған.

Бұдан бұрын қашып кеткендердің жетеуі ұсталған еді. Тағы үш адам арнайы операция барысында оққа ұшты. Қазір қашқындардың 15-і бостандықта.

Қашқындарды ұстауға бағытталған арнайы операцияны республиканың ішкі істер министрі Абдурахим Каххаров басқарады. Оның сөзінше, қашқындар арасында тәжіктерден өзге Ресей, Ауғанстан және Өзбекстан азаматтары бар.
XS
SM
MD
LG