Accessibility links

Пәкістандағы содырлардың ішінде неміс азаматтары бар


Пәкістан мәлімдегендей, Ауғанстан шекарасы бойында АҚШ-тың адамсыз ұшақтарының соққысынан 8 содырдың көзі жойылды, олардың ішінде Германия азаматтары да бар.

Әуе шабуылы Солтүстік Вазиристандағы Мир Әли қышлағына жасалды. Көзі жойылғандардың кемінде бесеуі Германия азаматтары болып табылатын этникалық түріктер мен арабтар көрінеді.

Пәкістанның Солтүстік Вазиристан аумағын әдетте «Талибан» қозғалысы мен «Әл-Қаида» тобының өкілдері паналайды.
АҚШ пен Еуропаның бірқатар елі таяуда өз азаматтарына Еуропа қалаларында террористік шабуылдардың болуы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ-тың барлау қызметтері болуы мүмкін осы қастандықтардың ұйымдастырылуын Пәкістандағы содырлармен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG