Accessibility links

Бүгін Қазақстанға Сербия президенті келеді


Сәрсенбі күні Қазақстанға Сербия президенті Борис Тадич мемлекеттік сапармен келеді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахмановтың сөзінше, сапар қазанның 6-сынан 7-сіне дейін жалғасады.

Ресми өкіл, бұл сапар қазақ-серб қатынастарының тарихындағы алғашқы сапар екендігін айтады. Сондықтан ол екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бетін ашып, Астана мен Белградтың арасындағы саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп, тереңдеуіне серпін береді.

Сапар барысында Борис Тадичтің қазақ әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен, премьер-министр Кәрім Мәсімовпен, парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесулері жоспарланған.
XS
SM
MD
LG