Accessibility links

Қалмырзаев Германияда болуы мүмкін


Инсульт алған Қазақстан президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев, Еуропа елдерінің бірінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы бүгін ҚазТАГ ақпарат агенттігі беймәлім ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазанның 6-сы күні ҚазТАГ агенттігіне мәлімет берген ақпарат көзі «өткендемалыс күндері инсульт алған Сарыбай Сұлтанұлы Еуропа елдерінің бірінде емделіп жатыр. Ол Германияда болуы мүмкін» деп хабарлаған.

Қалмырзаевтың көмекшісі Болат Сұлтанбаев болса өзімен тілдескен ҚазТАГ тілшісіне «Қалмырзаев аман-сау. Қазір Қазақстанда. Шет елде емес. Жұмысқа шықпай қалғаны рас» деп жауап берген.

Азаттық радиосының тілшісімен телефон арқылы сөйлескен президент ісі басқарушысының хатшысы, Сарыбай Қалмырзаевтың қазанның 4-і, дүйсенбі күннен бастап сырқатына байланысты демалыста екенін айтты. Хатшы өз бастығының я Қазақстанда, я шетелде екенін білмейтінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG