Accessibility links

Ермек Нарымбаев денсаулығына байланысты емханаға көшірілді


Түрмеде аштық жариялап жатқан Ермек Нарымбаев денсаулығының күрт нашарлауына байланысты, Семей қалысының маңындағы 35 колония-емханаға ауыстырылды. Бұл туралы Азаттыққа оның әйелі Зоя Нарымбаева хабарлады.

Оның сөзінше, кеше қазанның 5-і күні кешке колония басшылығы өзіне хабарласып, Нарымбаев арнайы этаппен Жарма ауданындағы 156/18 колониясынан 35-ші колонияға көшірілгендігін айтқан.

«Бүгін Семейдегі 35-ші колонияға телефон арқылы хабарласқанымызда дәрігерлер Ермекті бақылауға алынғандығын айтты. Дегенмен ол ешқандай медициналық препаратты қабылдамайтындығын мәлімдеген екен» деді Зоя Нарымбаева.

Өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс пен өткен сот процессіне нарызылық ретінде "Арман" қозғалысының жетекшісі Ермек Нарымбаев тамыздың 20-сынан бері түрмеде аштық жариялап жатыр. Биылғы мамырдың 1-інде Алматыда «Назарбаев, кет!» деп ұрандаған Нарымбаев 26 маусымда «сотқа құрмет көрсетпеді» және «полицейлерге қарсыласып күш көрсетті» деген айыптар негізінде төрт жылға бас бостандығынан айырылған.

Тамыздың 11-і күні Ермек Нарымбаевтың аппеляциялық шағымын қараған Алматы қалалық соты алғашқы инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.
XS
SM
MD
LG