Ерінің көзіне шөп салғаны үшін таспен атқылау арқылы өлім жазасына кесілген Иран әйелі Сакине Мохаммади Аштианидің ұлы - Саджад Гадерзаде - Италияның ANSA баспасөз агенттігіне өзі мен апасы Фариданың Италиядан саяси баспана сұрағанын мәлімдеді.
Италиядан тілшіміз хабарлағандай, Саджадтың сөзіне қарағанда, өздерін Иранның қауіпсіздік қызметінің өкілдеріміз деп атаған адамдар өзі мен апасына телефон соғып, қорқытпақ болған. Ол өзін кез-келген уақытта тұтқындауы мүмкін екенін айтады.
Сонымен қатар Саджад Гадерзаде өздерінің адвокаттарына дәл осындай қауіп төнгенін мәлімдеді. Қазір адвокат сенбі күні Иранның сот мекемесіне келуге шақыру алыпты және сотқа келген кезінде оның тұтқындалуы мүмкін.
Гадерзаде анасының өмірін қорғауды сұрап Рим папасына ресми өтініш жолдағанын хабарлады.
Рим әкімінің зайыбы Изабелла Раути Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадтың әйеліне жұма күнге тағайындалған өлім жазасын тоқтатуға шақырған үндеу жолдады.