Accessibility links

Вашингтон Исламабадтан кешірім сұрады


Америка Құрама Штаттары таяуда Пәкістанның ауған шекарасына жақын ауданына әуеден соққы беріп, кем дегенде 2 пәкістан жауынгерінің қаза болуына байланысты ресми Исламабадтан кешірім сұрады.

АҚШ-тың Исламабадтағы елшісі Энн Паттерсон мәлімдегендей, бірлескен тергеудің нәтижесінде соғыс тікұшақтары ұшқыштарының жауынгерлерді содыр деп қателескенін анықтады.

30 қыркүйектегі осы әуе соққысынан соң Пәкістан Ауғанстандағы коалициялық күштерге қажетті жүктер өтен маңызды шекара бекетін жапқан болатын.
XS
SM
MD
LG