Accessibility links

Венгрияда улы зат Дунайдың тармағына құйылды


Венгрияның батысындағы алюминий зауытының қалдықтар қоймасынан төгілген улы сұйық зат Дунай өзенінің Мошони-Дунай тармағына жетіп құйылды.

ЕуроОдақтың мамандары қоршаған ортаның ластануы Еуропаның өзге елдеріне де жайыла ма деп алаңдайды.

Оның алдында, бейсенбі күні, Венгрияның қоршаған ортаны қорғау министрі Золтан Иллеш экологиялық апаттың зардаптарын жоюға бір жыл кетуі мүмкін деп мәлімдеді.

Өткен дүйсенбі күні Венгрияның Колонтар қаласының маңындағы алюминий зауытының сұйық қалдықтар қоймасынан улы сұйық төгіліп, 7 елді-мекенді басты. 4 адам қаза болып, ондаған адам түрлі жарақат алды.

Қазір ол мекендерде тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG