Accessibility links

Қазақстанда жаңа денсаулық сақтау министрі тағайындалды


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Салидат Қайырбекова Қазақстанның денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Салидат Қайырбекова денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарып келген.

Салидат Қайырбекова 1961 жылы Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласын бақылау жөніндегі комитет төрайымы, медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің төрайымы лауазымында болды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG