Accessibility links

Түркия: Саварона яхтасындағы дауға қазақстандықтардың қатысы жоқ


Түркия полициясының Саварона яхтасындағы дауға байланысты қазақстандық бизнесмендер - Александр Машкевичке, Әліжан Ибрагимовқа, Патох Шодиевке тағатын айыбы жоқ. Бұл туралы бүгін түркиялық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған КазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Өйткен аптада түрік ақпарат құралдары кезінде Мұстафа Кемал Ататүрікке тиесілі болған яхтада ұйымдастырылған жезөкшелер үйінің қызметі тоқтатылғандығын жазған еді. Жезөкшелікпен күрес жөніндегі операция кезінде яхтада жезөкшелермен бірге қазақстандық бизнесмен Тевфик Ариф, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің басқа да бизнесмендері ұсталған.

Алайда «ұсталғандар полиция сұрақтарына жауап беріп, олардың адам саудасына және жезөкшелікке еш қатысы жоқ екені анықталған соң босатылған», делінген turizmGuncel.com сайтындағы ақпаратта.

Журналистердің мәліметінше, қазақстандық бизнесмен Ариф полицияның өзіне таққан айыптарын мойындамаған, ол Түркияға 15 миллиард доллар инвестиция салғандығын атап өткен. Оның айтуынша, достары үшін жалдаған яхтада бизнесмен оларды Түркияға инвестиция құюға шақырған. «Мен яхтаның ерекшеліктері туралы білген емеспін. Біз онда демалу үшін ғана жиналдық. Мен – атым әлемге танымал бизнесменмін. Маған тағылған айыптар ауыр», - деп мәлім еткен Тевфик Арифсөздері хабарламада келтірілген

Ақпаратқа қарағанда «яхтаны бір тәулікке жалға алу құны $50 мың, бұл қаржыны долларлы миллиардер Машкевич төлеген».
XS
SM
MD
LG