Accessibility links

Мәскеуде жаңа коалицияның митингісі өтті


Бүгін Мәскеуде жаңадан құрылған «Озбырлық пен жемқорлықсыз Ресей үшін!» деп аталатын оппозициялық коалицияның алғашқы митингісі болып өтті.

Митингіге шыққан мыңға жуық адамды коалиция құрамына кірген төрт саяси партияның жетекшілері Михаил Касьянов, Владимир Милов, Борис Немцов және Владимир Рыжков бастап келген.

Коалиция жетекшілері жаңа оппозициялық партия құрып, парламент және президент сайлауларына қатысуды межелеп отыр.
XS
SM
MD
LG