Accessibility links

Стокгольмде Нобель сыйлығының кезекті лауреаты анықталады


Бүгін Швецияның Корольдік ғылым академиясы Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша лауреатының есімін жария етеді.

Нобельдік комитеттің шешімі соңғы сәтке дейін құпия сақталады. Дегенмен, сарапшылар биылғы үміткерлердің қатарына еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімдік үдерістерін зерттеген Гарвард университетінің профессры Уильям Бомол, «Лукас-Ромер» моделі деген атпен танымал экономикалық өсудің жаңа теориясының негізін қалаушылардың бірі - Стэнфорд университетінің профессоры Пол Ромер, сондай-ақ қор нарықтары саласының маманы, Чикаго университетінің профессоры Юджин Фама сияқты ғалымдарды жатқызып отыр.

Үміткерлердің қатарында адамдардың ынтымақтасуына негіз болатын психологиялық факторларды анықтаған Цюрих университетінің оқытушысы австриялық ғалым Эрнст Фер де бар.

Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша 2009 жылғы сыйлығын АҚШ-тың екі ғалымы - Элинор Остром мен Оливер Уильямсон алған болатын.
XS
SM
MD
LG