Accessibility links

Белградтағы гейлер шеруінде 140 адам жарақат алды


Сербия астанасы - Белградта гейлердің шеруіне шыққандар мен полицияның арасындағы қақтығыста 140-қа жуық адам түрлі жарақат алды. Тағы жүзге тарта адам қамауға алынды, 200-ден көп кісі ұсталды.

Жексенбіде шеруге шыққандар полицияны таспен және жанармай құйылған шөлмектермен атқылады. Оған қарсы полиция көзден жас шығаратын газ бен резіңке оқ қолданды.

Билік басындағы батысшыл Демократиялық партияның ғимаратынан өрт шықты.

Белград әкімі Драган Джилас қақатығыстан 1 миллион еуродан астам қаржыға шығын келгенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG