Accessibility links

Қырғызстан: дауыс саналып бітті


Бүгін таңертең Қырғызстан парламентіне берілген дауыстар толығымен саналып бітті. Мемлекеттік “Шайлоо” автоматтандырылған жүйесінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, дауыс беруге барлығы 1 миллион 679 мың 538 сайлаушы (55,90 %) қатысқан.

Жогорку Кеңешке өту үшін қажетті 5 пайыздық дауысқа бес партия ие болды. “Ата Жұрт” 8,88%, СДП 8,04%, “Ар-намыс” -7,74%, “Республика” – 7,24% және “Ата Мекен” -5,6% дауыс жинады.

Енді елдегі парламент сайлауының қортындысы ресми жарияланғаннан кейін, Жогорку Кеңештің жаңа сайланған құрамы 15 күннен кешікпей бірінші сессиясын өткізуі тиіс.
XS
SM
MD
LG