Accessibility links

Бішкек: партия көсемдері парламенттік коалиция құрмақшы


Қырғызстанның жаңа сайланған парламентіне өткен саяси партиялардың көсемдері өзара коалиция құру жөнінде келіссөз өткізе бастады.

Парламентке өту үшін 5 пайыздық межеден бесақ саяси партия өтті. «Атажұрт» 9 пайыздай, Социал-демократиялық партия 8 пайыздан сәл артық, “Ар-намыс” – 8 пайызға жуық, “Республика” – 7 пайыздан артық және “Атамекен” партиясы - 5,5 пайыздан сәл артық дауыс алды.

Қырғызстанның автоматтандырылған мемлекеттік сайлау жүйесінің соңғы мәліметіне қарағанда, дауыс беруге барлық сайлаушының шамамен 56 пайызы қатысып дауыс берген.
Парламент сайлауының ресми нәтижесі жарияланғаннан кейін, парламенттің жаңа құрамы бірінші сессиясына 2 аптадан кешікпей жиналуға тиіс.

АҚШ президенті Барак Обама қырғыз халқын «тарихи» сайлау өткізуімен құттықтады. Обама мәлімдегендей, бұл сайлау «нағыз демократияның» көрінісі болып табылады.

АҚШ президентінің атап көрсетуінше, АҚШ Қырғызстанда демократияның нығаюы мен экономикасының дамуына, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақталуына әрдайым көмектеседі.
XS
SM
MD
LG