Accessibility links

Қазақтың мұнай қоры 5 триллион теңгеден асты


Қазақстанның Ұлттық мұнай қорының активтері 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 5 триллион 19 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлады қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның ішінде ұлттық экономиканың мұнай өнеркәсібі саласынан 1 триллион 600 миллиард теңгедей тікелей салық түскен.

Министр Жәмішевтің айтуынша, бұл өткен жылдың үш тоқсанымен салыстырғанда 724 миллиард теңгеге артық.

Еске сала кетсек, бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық мұнай қорының активтері 4,8 триллион теңгеден артық болатын.
XS
SM
MD
LG