Accessibility links

Мәскеу соты жұмада Әбіләзовтің шағымын қарайды


Мәскеудің Тверь соты БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбіләзовтің адвокаттары берген кассациялық шағымын 15 қазан күні қарайды. Шағымда Әбіләзовке халықаралық іздеу жариялау туралы тергеу қаулысының заңдылығы дауланады. Ол туралы бұрынғы банкирдің адвокаты Гиоргий Поспеловты сілтеген «Новости-Казахстан» агенттігі хабарлады.

7 қазан күні Тверь соты Әбіләзовты сырттай тұтқындауға санкция берді.

Ресей ішкі істер министрлігіндегі тергеу комиссиясының мәлімдеуінше, БТА банктің және банктің Мәскеудегі бөлімінің бұрынғы басшысы 2006-2008 жылдары М.Әбіләзов өзіне қарайтын кәсіпорындар арқылы өзге компаниялардың БТА банктен 19 миллион еуро мен 1,4 миллиард доллар несие алуын ұйымдастырды.
XS
SM
MD
LG