Accessibility links

Брюссель: НАТО жаңа қауіп-қатерді белгілейді


Бейсенбі күні Брюсселде НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.

Хабарға қарағанда, министрлер Солтүстікатлантикалық альянстың жаңа стратегиялық жарғысының (концепциясының) жобасын талқылайды.

Құжатта НАТО-ның алдағы 10 жылдағы дамуының принциптері мен одаққа мүше елдерге төнетін негізгі қауіп-қатерлерді белгілейді.

Күн тәртібіне альянстың ішкі құрылымын өзгерту, атап айтқанда НАТО-ның іс-қимылын ширата түсу үшін оның құрамындағы агенттіктерді қысқарту мүмкіндігі қойылып отыр.

Альянстың Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мен АҚШ шенеунектері одақтың барлық 28 мүшесін әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, қорғаныс бюджетін қысқартпауға көндіре алды.
XS
SM
MD
LG