Accessibility links

Токио Бейжіңнің Нобель лауреатын босатуын қалайды


Жапон премьер-министрі Наото Кан өткен аптада бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы берілген қытайлық саяси диссидент Лю Сяобоны ресми Бейжіңнің түрмеден босатқаны дұрыс болар еді деп мәлімдеді.

Сонымен бірге жапон премьері Қытайда саяси реформалар жүргізуді талап еткен адамның құқын қорғаушыны босатуға ашықтан-ашық шақырмады. Қытай үкіметі Лю Сяобоны «қатардағы қылмыскер» деп есептейді.

Күншығыс елі мен Қытайдың қарым-қатынасы соңғы кезде біршама жылыды. Оның алдында Брюссельде екі елдің өкілдері 7 қыркүйек күні теңіздегі төтенше оқиғаның салдарынан бұзылған қарым-қатынасты жақсарту үшін жоғарғы деңгейдегі келіссөзді бастау туралы уағдаласқан болатын.
XS
SM
MD
LG