Accessibility links

НАТО елдері қорғаныстың жаңа жүйесін талқылайды


Бейсенбі күні НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен альянсқа мүше елдерді қорғаныс бюджетінің қысқартылуына қарамастан ұсынылған зымырандық шабуылға қарсы жүйені мақұлдауға шақырды. Бұл ұсыныс альянсқа мүше елдерді бір қорғаныс жүйесіне біріктіреді.

Расмуссен мәлімдегендей, «қазіргі қауіп-қатерге қарсы заман талабына сай қорғаныс жүйесін ұсыну НАТО-ның міндеті».

НАТО елдерінің қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі кездесуінде сөйлеген Бас хатшы зымырандық соққыдан қорғаныс жүйесі шығындарын көтеруге болатынын атап көрсетті.

Министрлер Брюссельде Солтүстікатлантикалық альянстың жаңа стратегиялық жарғысының (концепциясының) жобасын талқылайды. Құжатта НАТО-ның алдағы 10 жылдағы дамуының принциптері мен одаққа мүше елдерге төнетін негізгі қауіп-қатерлерді белгілейді.
XS
SM
MD
LG