Accessibility links

Уго Чавес Беларусқа барады


Венесуэла президенті Уго Чавес бүгін Минскіге барып, Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездеседі.
Чавес пен Лукашенко кәсіпкерлік қарым-қатынастарды нығайту және басқа да салаларды дамыту мүмкіндіктері туралы келіссөздер өткізеді.

Чавес Мәскеу сапарынан келе жатыр, онда ол Ресей президенті Дмитрий Медведевпен Венесуэлада алғашқы ядролық зауытты бірлесіп салу жөнінде келісімге қол жеткізген.

АҚШ бұл келісімге сақтықпен қарап, кез келген ядролық бағдарлама немесе қимыл-әрекеттің бәрі де халықаралық талаптарға сай болуы қажет деп ескертті.
XS
SM
MD
LG