Accessibility links

Саакашвили конституциялық өзгерістерді құп алды


Грузия президенті Михаил Саакашвили президенттік билік құзырының бірқатарын премьерге беру жөніндегі өзгертулерді құптап қарсы алды.

Жергілікті баспасөз Саакашвилидің Венеция комиссиясы ұсынған барлық түзетулер конституциялық өзгерістерге енетін болады деген сөзін келтірген.
Парламент Конституцияға өзгеріс енгізу туралы заң жобасын жұма күні мақұлдаған болатын.

Сыншылар бұл өзгерістер үш жылдан кейін президенттік екінші мерзімі аяқталатын Саакашвилиге премьерлік таққа сайлануға жаңа мүмкіндіктер ашады деген пікірлер айтуда.
XS
SM
MD
LG