Accessibility links

«Азат» партиясы электрондық дауыс беруге қарсы


Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясын тағы да электрондық дауыс беру жүйесінен бас тартуға шақырды.

ҚазТАГ агенттігі хабарлағандай, бұл үндеу «Азат» партиясының «Әділ сайлауды ұйымдастыру мен өткізу: проблемалар мен оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша өткізген дөңгелек үстелінің қарарында айтылады.
Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай ұсыныс дауыс берудің электрондық жүйесіне сайлаушылардың басым көпшілігінің сенбеуінен шығып отыр.

«Азат» партиясы электрондық дауыс беру жүйесін дауыстарды есептеудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ете алмай, қоғам алдында өзінің қадірін түсіріп алды деп есептейді.

AzattyqTV

Дүниежүзі қазақтары құрылтайы

Мамашев: "Басымды қатырмашы!"

XS
SM
MD
LG