Еуропаның қауіпсіздігі Ресей мен Франция президенттері Дмитрий Медведев пен Николя Саркозидің және Германия канцлері Ангела Меркельдің дүйсенбі күні француздардың Довиль қаласында басталған үш жақты саммитінің басты тақырыбының бірі болмақшы.
Атап айтқанда, тараптар НАТО альянсының аясында зымырандық шабуылдан қорғанудың жалпыеуропалық жүйесін құру жобасын талқылайды.
Ресей өкілдерінің мәлімдеуінше, Ресей мен ЕуроОдақ елдерінің арасындағы виза тәртібін жою мүмкіндігі үш жақты кездесудің тағы бір тақырыбы болады.
Сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасы мен Таяу Шығыстағы ахуал да сөз болуға тиіс.