Accessibility links

Закаев Грозныйдағы шабуылға қатысы жоқтығын мәлімдеді


Шешен сепаратистері көсемдерінің бірі Ахмет Закаев, Грозныйдағы парламет ғимаратына жасалған шабуылға өзінің қатысы жоқ екендігін мәлімдеді. Бұл туралы ол Би-би-сидің Орыс қызметіне берген сұхбатында айтты.

Закаевты Шешенстан президенті Рамзан Кадыров айыптаған болатын.

Сейсебі күні Шешенстан парламенті ғимаратына шабуыл жасалды.Үш адам және тағы үш бүлікші қаза болды. Рамзан Қадыровтың сөзінше, жараланған екі адам ауруғанаға жеткізілген. Қадыров сондай-ақ, кей ақпарат құралдарында жарияланған жараланғандардың 17 екендігі жайлы ақпараттың жалған екендігін айтты.

Ресей премьер-министрі Владимир Путин, қаза тапқандардың отбасына 1 миллион, ал жараланғандарға 200-400 мың рубльден бөлінетіндігін айтты.
XS
SM
MD
LG