Accessibility links

Қырғызстанда Бакиевтің туысына қатысты сот басталды


Бішкек әскери соты бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің туысы Санжар Бакиевке қатысты қылмыстық істі қарауды келесі аптаға қалдырды. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Бубуайша Арстанбекова хабарлады.

Осы аптада өтуі тиіс сот отырысының кейінге шегерілуіне Жалал-Абад облысындағы куәгерлердің толығымен келмей қалуы себеп болды.

Санжар Бакиев және тағы төрт адам мамырдың 14-і күні Жалал-Абад облысындағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды, заңсыз қару-жарақ сақтады деп айыпталып отыр.

Санжар Бакиев – биліктен қуылған Құрманбек Бакиевтың ағасы Жүсіп Бакиевтің ұлы.
XS
SM
MD
LG