Accessibility links

Сыған отбасына шабуылдаған 4 чех ұзақ мерзімге сотталды


Чехия соты сыған отбасына шабуылдаған 4 адамға ұзақ мерзімді түрме жазасын берді.

Давид Вацулик, Яромир Лукеш, Иво Муеллер және Вацлав Сойосару өткен жылы сәуір айында нәсілшілдік пиғылмен сығандардың үйіне от қойғанда 2 жасар қыз қатты жараланған.

Чехияның солтүстік-шығысындағы Острова соты Вацулик пен Муеллерді 22 жылға соттап, тағы екеуін 20 жылға түрмеге жапты.

Олардың өрт қоюынен жараланған кішкентай қыздың денесінің 80 пайызы күйікке шалынып, бірнеше ай ауыр халде болған. Бұл оқиға Чехиядағы 300 мыңдай сыған қауымдастығының наразылығын тудырған.
XS
SM
MD
LG