Accessibility links

G20 министрлері «үлкен түсіністікке» жетпеді


Жұма күні экономикалық дамыған «Үлкен жиырмалық» тобына кіретін елдердің қаржы министрлері Оңтүстік Кореяда негізгі әлемдік валюталардың айырбас бағамы төңірегіндегі дау-дамайдың қызуын басудың мүмкіндіктерін талқылады.

Хабарға қарағанда, Оңтүстік Кореяның Есу қаласында басталған екі күндік басқосудың бірінші күні министрлер «үлкен түсіністікке жете алмады».

Министрлердің кездесуі «Үлкен жиырмалық» тобының Сеулде өтетін саммитіне 3 апта қалғанда өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG