Accessibility links

Ауған президенті Ираннан ақша алып отырған


Ауғанстан президенті Хамид Карзай өзінің әкімшілігі өзінің іс-әрекеті үшін Ираннан жылына тұрақты түрде бір не екі рет 500-ден 700 мың еуро сомасында ақша алып отыратынын растады.

Кабулда өткізген баспасөз-маслихатында Карзай ол ақшаның «ресми» әрі «ашық» көмек екенін атап көрсетті. Оның шегелеп айтуына қарағанда, президент әкімшілігі ондай қаржылай көмекті жалғыз Ираннан ғана емес, өзге елдерден де, оның ішінде АҚШ-тан алып отыр.

Оның қарсаңында New York Times газеті ауған президенті әкімшілігінің басшысына Иран өкілдерінің қомақты ақша бергенін құжаттармен расталатынын хабарлады.

Газеттің жорамалы бойынша, Иранның ақша бергендегі мақсаты – ауған шенеунектерінің көңілін аулап, Теһранның Ауғанстандағы жағдайын нығайту болса керек.
XS
SM
MD
LG