Accessibility links

Қырғызстан: дауыстар жаппай қайта есептелмейді


Қырғызстанда 10 қазанда болып өткен парламент сайлауындағы дауыстар жаппай қайта есептелмейді.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ақылбек Сариев осылай деп мәлімдеген.

Оның сөзіне қарағанда, хаттамаларды мәліметтер кестесімен салыстыру барысында анықталған қателіктер бірыңғай техникалық қателіктер көрінеді.

Сариевтің бұл мәлімдемесі сайлаудың ресми нәтижесімен келіспеген партиялардың бүкіл елдегі жаппай наразылық ереуілі жалғып жатқан кезде жарыққа шықты.

Қырғыз сайлау комиссиясының бастапқы мәліметі бойынша, парламентке үш оппозициялық және 2 үкіметшіл партия өтті. Сонымен бірге сайлаудың ресми нәтижесі әлі жарияланған жоқ.
XS
SM
MD
LG